Жалпықалалық онлайн тестілеу

13 сәуірде мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау» бойынша жалпықалалық онлайн тестілеуге қатысты. Тестілеу барлық ережелерді сақтай отырып, білім бөлімі өкілінің қатысуымен өтті. Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауда тоғызыншы сынып оқушылары пәндер бойынша өздерінің функционалдық сауаттылық деңгейін көрсетті, бұл дағдылар кейінгі өмірде пайдалы болады.